СИҚЫРЛЫ ГҮЛ
21-24 тамызда Қарағанды академиялық музыкалық
комедиялық театрының гастролі
«СИҚЫРЛЫ ГҮЛ»
музыкалық феериясы
Ұзақтығы – 1 сағат
Жас шектеуі 5+ екендігіне назар аударуды сұраймыз
Дирекция орындаушыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады
Композиторы – О.Клюев
Либретто авторы – Н.Кагадий
Ертегінің премьерасы 2004 жылғы 2 тамызда өтті
ҚОЙЫЛЫМ ТОБЫ:
Қоюшы режиссер – Н. Кагадий
Қоюшы дирижер – Б.Кузьмин
Қоюшы балетмейстер – О.Дедик
Қоюшы хормейстер – Т.Штыкова
Сценография – В.Чистяков
Костюмдер бойынша суретші – Л.Ковалева
«Бай саудагердің 3 сұлу қызы болды, ал ең кішісі бәрінің сүйіктісіне айналды. Әкесі теңіздегі сауда істеріне жинала бастады. Қыздарын шақырып: «Сендерге сыйлық ретінде не әкелейін?» деп сұрады. Үлкені асыл тастардың алтын тәжін, ортаншысы шығыс хрусталінің айнасын; кенжесі – әлемде болмаған әдемі алқызыл түсті гүлді сұрайды...». «Сиқырлы гүл» музыкалық феереясына бірнеше орыс халық ертегісі арқау болған. Яғни, батыл қаһарман ретінде Садко туралы аңыз да, «Алқызыл гүл» туралы ертегі де оның негізін құрайды. Көптеген әндер, сюжеттегі қызықты өзгерістер ертегіні жаңа қырынан танытып, тың бояулармен әсірелейді.
«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.