АЛТЫН КІЛТ
21-24 тамызда Қарағанды академиялық музыкалық
комедиялық театрының гастролі
«АЛТЫН КІЛТ»
музыкалық ертегісі
Либретто авторы С. Цирюк
Ертегінің премьерасы 2009 жылғы 31 қаңтарда өтті
Ұзақтығы – 50 минут
Жас шектеуі 5+ екендігіне назар аударуды сұраймыз
Дирекция орындаушыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады
ҚОЙЫЛЫМ ТОБЫ
Қоюшы режиссер – Сусанна Цирюк, «Алтын маска» иегері (Ресей, Санкт-Петербор)
Қоюшы суретші – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мәлік Байкенов
Қоюшы балетмейстер – Владимир Акрачков
Костюмдер бойынша суретші – Светлана Байцар
Бәрі 1882 жылы италиялық жазушы әрі журналист, Коллоди деген бүркеншік есімін алған Карло Лоренцини ағаш қуыршақтың бастан кешкен оқиғалары туралы қызықты ертегі жазған сәттен басталды. Ол қуыршақты Пиноккио деп атады. Бізге бұл оқиға А.Толстойдың «Алтын кілт немесе Буратиноның хикаялары» атты нұсқасы арқылы кеңінен таныс, бұл нұсқа көрермендерімізге, өмір салтымызға әрі дәстүрлерімізге бейімделген. Десе де, ертегі өте қызықты, тіпті бұл – мүлде басқа туынды, ол бірнеше буын оқырман мен көрерменнің жүрегін толқытып келеді.
«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.