тәулік бойы қолдау қызметі:
+996(220)04-49-23 +7 771936-53-53 Ticketon WhatsApp Ticketon telegram
97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.

«Күлбикеш және Көлеңке театры» Ақтөбе қаласында

Билет сатып алу

«КҮЛБИКЕШ ЖӘНЕ КӨЛЕҢКЕ ТЕАТРЫ» - ҚЫСТЫҢ СИҚЫРЫН СЫЙЛАЙТЫН ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ЕРТЕГІ
Көлеңке театрының ерекше сыйы

TEULIS көлеңке театры Қазақстанда алғаш рет  «Күлбикеш және Көлеңке театры» атты жаңа отбасылық спектаклін ұсынады.

Жартылай мөлдір экранның ар жағында актер қозғалған сәттен бастап-ақ, көз алдыңызда ғажайып әлем жанданады: көлеңкелер арпалысып, пішінін өзгертіп, ертегіге жан бітіреді. Соңғы он жылда TEULIS ұжымы Италия, Түркия, Чехия мен Словакиядағы ірі жобаларының финалисті атанып, Еуропа елдерінде гастрольмен өнер көрсетті. Ал Жапонияда мыңдаған көрермен оларды ду қол қошеметпен қарсы алған.

Қойылымның негізіне  Шарль Перроның баршаға таныс ертегісі алынды. Алайда бұл жолы ол мүлде жаңа кейіпке енеді: көлеңке театрының поэтикалық тілі, заманауи 3D шешімдер мен арнайы жазылған әуендер классикалық хикаяны өзгеше қырынан ашады. Әлемнің талай елін тәнті еткен бұл театр енді қазақстандық балаларға арнап әсерлі, отбасымен тамашалауға лайық қойылымын ұсынады.

Нағыз ғажайыптың қалай пайда болатынын көргіңіз келе ме?
Күлбикеш перілер сиқырлы көйлек тігетін сәтке куә болып, түн ортасына бір минут қалғанда уақыттың өзімен бетпе-бет келгіңіз келе ме?

Онда бұл қойылымнан қапы қалмаңыздар! TEULIS көлеңке театрының жаңа жылдық жарқын премьерасы - «Күлбикеш және Көлеңке театры». Отбасыңызбен бірге ертегіге еніп, ұмытылмас әсер сыйлаңыздар.