ҚАЗАҚКОНЦЕРТ ЖҰЛДЫЗДАРЫ: «БЕЙБІТШІЛІКТІ ЖЫРЛАЙМЫЗ»
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы Алматы филиалының әртістері Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Бейбітшілікті жырлаймыз» мерекелік концертіне шақырады.
Қан майданда от кешкен батыр бабаларымыздың рухына тағзым етіп, олардың ерлігі мен өшпес өнегесін өнер тілімен жеткізуді мақсат тұтқан концертте майдан даласында дүниеге келген жауынгерлік әндер мен халық жадында сақталған тарихи туындылар және жұлдыздарымыздың ескірмеген есті әндері шырқалады.
Іс-шарада Қазақстанның халық әртістері Алтынбек Қоразбаев, Мақпал Жүнісова, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Айжан Нұрмағамбетова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Жеңіс Ысқақова, Сүлеймен Ибрагимов, Жанна Орынбасарова, Дильназ Ахмадиева, Мәдениет қайраткері Перизат Омарбекова, Мәдениет саласының үздігі Бибігүл Қилымхан, халықаралық, республикалық конкурстардың лауреаттары Райым Уайс, Мади Рымбаев, Ербол Нариманұлы, Сая Махамбет және «Азия», «Меломен» топтары өнер көрсетеді.
- Кеш жүргізушісі – ҚР Мәдениет қайраткері Марал Анарбек.
- Жанды дауыста өтетін концертте Live Band-тің сүйемелдеуі тыңдарманға ерекше әсер сыйлап, кеш атмосферасын айрықша әрлендіре түспек.
«Бейбітшілікті жырлаймыз» - әр әуені соғыс жылдарындағы көзсіз ерлік, үміт пен үрей, батылдық пен қайсарлықты бейнелейтін, өткен мен бүгіннің арасын жалғайтын тағылымды кеш.
Әуезді әндер арқылы тарихымызды жаңғыртатын тамаша кештің куәсі болыңыздар!