№13 КОМЕДИЯСЫ
Екі ғасыр өтсе де композитор Иоганн Штраус II әуендері әлі күнге дейін өмірдің қуанышы мен сұлулығын жеткізіп жүр. Оның вальс пен полькаға арналған музыкалық туындылары көктем мен махаббаттың және мінсіз ырғақ сезімнің үніне айналған.
Ұлы маэстроның мерейтойына орай Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі Қазақстандағы Австрия Елшілігінің қолдауымен оның ең танымал шығармалары - «Көктем дауыстары», «Император вальсі», «Әдемі көгілдір Дунайда», «Радецкий маршы», сондай-ақ, вена музыкасы репертуарынан концерттік бағдарлама ұсынады.
Эрнест Хетцльдің дирижерлігімен өтетін концертте көрермендер Штраустың көп орындала бермейтін полонез, полька және марштарының ерекше әуенін тыңдай алады. Бұл шығармаларда нәзік ырғақ пен әсерлі темперамент үйлесім тапқан.
Эрнест Хетцльдің шығармашылық жолы әлемнің ең беделді концерт залдарында өнер көрсетуімен ерекшеленеді. Оның өнері Musikverein (Вена), Philharmonie (Берлин), Carnegie Hall (Нью-Йорк), Teatro alla Scala (Милан) сияқты беделді сахналарда жоғары бағаланған. Ол Еуропа мен Азияның жетекші оркестрлерімен бірлесе жұмыс істеп, әлемдік классикалық музыка аясында әр халықтың ұлттық нақышын нәзік сезініп, шебер жеткізе білуімен ерекшеленеді.
Бағдарламадағы ерекше мәнге ие шығармалардың бірі - Латиф Хамидидің «Қазақ вальсі». Бұл туынды вальс дәстүрінің қазақ музыка өнерінде де өзіндік орны бар екенін және өміршең дамып келе жатқанын айқын көрсетеді.
Сіздерді музыка астанасы - Венаның ерекше рухын сезінуге шақырамыз. Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің орындауындағы Штраус шығармалары еуропалық классиканың бастауларындағы қайталанбас сұлулық пен шабытты сезім сыйлайды.
