тәулік бойы қолдау қызметі:
+992918-43-16-55 Ticketon WhatsApp
97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.

Аңызға айналған «ЯШЛЫК» ансамблінің мерейтойлық концерті Алматы қаласында

Билет сатып алу
Билет сатып алу

50 жылдығына арналған ғаламат концертке шақырамыз. Осыған орай, ансамбль мен концерт қонақтарының алтын хиттерін біріктірген мерекелік бағдарлама жасалды. Сахнада «Яшлык» ансамблімен қатар өзіңіздің сүйікті әртістеріңіздің өнерін тамашалап, ұмытылмас күйге бөленесіз: 

• Дос-Мұқасан
• Роза Рымбаева
• Дильназ Ахмадиева
• Әлишер Кәрімов
• Парвиз Назаров және өзгелер.

Бұл кеште ансамбльдің жұлдызды құрамын көре аласыз:

• Мұрат Ахмадиев (вокал, жетекші)
• Қаһарман Именов (гитара, вокал)
• Марат Мәметбақиев (вокал)
• Ялкунжан Шәмиев (гитара, вокал)
• Гүлбаһар Ахмадиева (вокал) 
• Кутлук Геняков (клавишті аспаптар, вокал)
• Ильгиз Батыршин (соло гитара)
• Пайзуллам Иминов (халық аспаптары)
• Сауытжан Сонуров (халық аспаптары, миниатюралар)
• Сайдалим Амутов (халық аспаптары, миниатюралар)

1974 жылы Алматыда құрылған «Яшлык» вокалды-аспапты ансамблі – еліміздің музыка әлеміндегі тұтас бір дәуір. Мұрат Әбдурайымович Ахмадиевтің жетекшілігіндегі ансамбль КСРО аумағында ғана емес, одан тыс елдерге де танылды. Бірегей әуендер, халық аспаптары мен заманауи аранжировканың үндестігі «Яшлык» ансамблін талай биікке шығарды. Олар Бүкілодақтың эстрада әртістері байқауының (Ленинград, 1978), саяси ән байқауының (Ереван, 1979), Дүниежүзілік дастар мен студенттер фестивалінің (Мәскеу, 1985) және өзге де байқаулардың лауреаты атанды.
Қазақстан эстрадасының алтын дәуіріне тағы бір оралып, ұмытылмас әндердің ырғағымен толысқан атмосфераны сезіну мүмкідігінен құр қалмаңыз.

Концерт Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, Алматы қаласының әкімшілігі және «Қазақстан ұйғырлары республикалық этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен өткізіледі.