Алессандро Сафина Алматы қаласында
АЛЕССАНДРО САФИНА. ӘЛЕМДІК АТАҚҚА ИЕ БОЛҒАН ИТАЛЬЯНДЫҚ ТЕНОР
Алессандро Сафина бала кезінен музыкаға қызыққан. Жас өнерпаздың ата-анасы операға қатты қызығушылық танытып, бұл өнерсүйгіштікті баласының да бойына дарытқан. 17 жасында Флоренциядағы консерваторияға түсіп, бірнеше жылдан кейін Европаның жетекші музыкалық театрларында жеке өнер көрсете бастаған. 1989 жылы Катя Риччарелли атындағы халықаралық вокалдық байқаудың бірінші жүлдесіне қол жеткізіп, «Богема», «Севильский цирюльник», «Махаббат сусыны», «Су перісі», «Евгений Онегин» сияқты операларындағы белсенді сахналық жұмыстар мен жетекші партияларға ие болды.
Сафинаның бірегей дауысы, табиғи тартымдылығы мен шығармашылық батылды бүкіл әлемке танымал етті. Опералық арияларды орындай отырып, ол классикалық өнерді қарапайым тыңдарман жүрегіне жақын етуді армандаған. Осылайша жаңа жанр пайда болып, әртіс кейіннен бұл жанрды «опералық рок» деп атайды. Поп-музыка, академиялық вокал, соул мен мюзикл элементтерін біріктірген ерекше стиль туды.
Әртіс Нидерланды елінде үлкен жетістіктерге ие болды. «Insieme a te» альбомындағы Luna синглі голландық хит-парадтың алдыңғы қатарында орын алып, 14 апта бойы өз орнынан таймады. Альбомның өзі төрт рет платиналық атанып, тағы да отыз шақты елде шығарылды. Алессандро әлемге Сара Брайтманмен, Элтон Джонмен, Юэн Макгрегормен, Барбара Хендрикспен, Суми Чомен керемет дуэттерді сыйлады. Сонымен қатар, ол киноға түсіп, «Мулен Руж!», Лурманн базасы фильмдеріне және және «Клон» сериалына саундтрек жазуға қатысты.