Шанель апа
«Шанель апа» - комедия. Оқиға желісі қазіргі заман күндерінде орын алады. «Наитие» орыс әнінің көркемөнерпаздар ансамблі өзінің 10 жылдығын атап өтуде. Ансамбль солистері 90-60-90 стандарттарын толықтай қамтиды, алайда бұл дене бітім көрсеткіштері емес, жас көрсеткіштері екен. Бесеуінің жасы 80-ге таяп қалса да, өмір сүргісі, сүйгісі, махаббатқа бөленгісі келеді. Апаларымыздың бесеуі де жас баяншы Сергейге жасырын ғашық. Күтпеген жерден Роза есімді қыздың ансамбль қатарына қосылуымен олардың қызықтарының шырқы бұзылады... Пьесаның авторы Николай Коляда өзінің туындысы туралы былай дейді: «Бұл пьеса Екатеринбургтегі «Коляда-Театрымда» 10 жылдан астам уақыт бойы жалғасып келеді. Бірінші актіде халық күлкіден жарылатын болады, ал екінші актіде ззалдағы көрермендер көз жастарына ерік беретіні анық, бұл бөлімді көрермендер жарты сағат бұрын нені күлкі астына салғанын ұмытып та қалатындай етіп ойнау керек».
Режиссер туралы: Владимир Владимирович Дроздецкий 1992 жылы Алматы қаласындағы Т. Жүргенов атындағы Мемлекеттік өнер академиясын бітірген. 2004 жылдан бастап Теміртау балалар мен жасөспірімдер театрында жұмыс атқарады. 1992-2014 жылдары Теміртау қаласының жастар театр студиясының көркемдік жетекшісі болған.
Қоюшы-режиссер ретінде театрда спектакльдер қоюды жүзеге асырады. Театрда жұмыс істеген кезінде Владимир Владимирович 17 спектакль қойып, оны аймақтық, республикалық және халықаралық фестивальдарда лайықты түрде ұсынған еді, онда ол бірнеше рет фестиваль дипломанты немесе лауреаты атағын алды.
Драматург туралы: Николай Владимирович Коляда (1957 жылы 4 желтоқсанда туған, Пресногорьковка, Қостанай облысы) кеңестік және ресейлік драматург, актер, театр режиссері, прозашы, сценарист, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген өнер қайраткері (2003), Қ.С. Станиславский атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты.