Хайуанаттар бағында не болды? Тұсаукесер!
Нью-Йорк, орталық саябақ, 60-жылдар. Және Қазақстан, Ақтөбе, біздің уақыт.
Басты кейіпкерлер - әлеуметтік жағдайы мен өмірлік тәжірибесі мүлде екі түрлі екі адам. Олардың бір жағдайға деген көзқарасы бір-біріне түбегейлі ұқсамайды екен. Екеуінің кездесіп, сөйлесуі мүмкін емес сияқты көрінер, алайда тағдыр қалауы басқаша еді.
Көпшілігіміз үшін тұрақтылық - таныс әрі жайлы. Тіпті, ол бізді бақытты етпесе де.
Алайда, әрқайсымыз осы хикаяның немен аяқталатынын өзіміз шешуге қабілеттіміз. Және бұл хикаяны жүрегіміз қалайтын финалға жеткізуге батылымыз жете ме?
Біз өзара түсінісуге қабілеттіміз бе?
Бізден мүлде ұқсамас жанды түсінуге, оны қабылдауға, оған қарай қадам жасауға дайынбыз ба? Әлде біздің үйреншікті дүниетанымымызға сыймайтын нәрселерді жоққа шығарып, өзімізге ыңғайлы етіп өзгерткіміз келе ме?
Адамдарға сенуге бола ма? Сенім мен аңғалдықтың айырмашылығы қандай?
Жеңіл, интерактивті, трагикомедиялық, бірақ өмірден алынған қойылым арқылы сіздер Хайуанаттар бағында не болғанын білесіздер.
Ал қойылымнан кейін бірден такси шақыруға асықпаңыз. Бәрі аяқталғандай көрінгенімен - бұл әлі соңы емес…
Кейіпкерлер және орындаушылар:
Питер - Артём Москаленко
Джерри - Станислав Бахмутов
Қараушы (Смотритель) - Дмитрий Ткаченко
Достармен бөліс
Келесі оқиғалар сізге қызық болуы мүмкін:

