Қызыл Телпекпен саяхат
Қызыл Телпек - бүкіл әлемге танымал ертегілердің бірі. Қызыл Телпекпен саяхат - бұл көрермендерді әзіл, ән және актерлермен өткізілетін қызықты сұхбат күтетін жаңашыл және ерекше көрінісіндегі бәріне әйгілі ертегі. Қызыл телпек киген қыздың қарапайым және бір қарағанда мүлде күрделі емес хикаясы шын мәнінде терең мағынаға, нақты қорытындыларға және өнегеге бай ертегі болып табылады. Ертегінің өнегесі айтқан тілді алмайтын балаларға үндеу ретінде жеткізіледі:
- Бөтен адамдармен сөйлесуге болмайды;
- Алған жолыңнан тайынуға болмайды;
- Есікті белгісіз жандарға ашуға болмайды.
Алайда Қызыл Телпек анасының айтқан барлық ақылдарын ұмытып, қиындыққа тап болады. Сөйтіп ертегінің соңында оны зұлым әрі қу қасқыр жеп қояды. Бірақ оқиғаның қайғылы соңы жақсылыққа ұласып, батыл аңшы Қызыл Телпекті және оның әжесін құтқарады. Ертегі жақсы аяқталып, ізгі өнеге мен ақылды насихаттарды жеткізеді. Ол бұрыннан белгілі ақиқатқа жаңаша қарап, дұрыс қорытынды жасауға көмектеседі.