Akmal’ Алматы қаласында
Алматыда алғаш рет! Алматылық көрермендерді алғаш рет ерекше орындаушымен ұмытылмас кездесу күтуде! Оның жарқын әрі лирикалық әндері тек жастардың ғана емес, әр жастағы тыңдармандардың жүрегін жаулап үлгерді.
Akmal’ - әнші, музыкант, және өз хиттерінің авторы. Оның танымал әндері қатарында: «Из-за тебя», «По полюшку», «Вдоль дорог», «В моей крови», «Мир нам завидовал», сондай-ақ Юлианна Карауловамен дуэт «Девочка, не прощай» бар.
Әншінің бейнебаяндарын МУЗ-ТВ, RU.TV, Музыка Первого, Russian Music Box және басқа да музыкалық арналар тұрақты көрсетуде. Ал тректері Авторадио, Новое радио, Юмор ФМ секілді Ресейдің алдыңғы қатарлы радиостанцияларынан естіліп жүр.
Akmal’ - ең танымал тележобалардың қатысушысы. Олардың ішінде: «Маска 5», «Голос. Дети - 5», «Голос. Уже не дети», «Битва Поколений» (МУЗ-ТВ), «Конфетка» және тағы басқа жобалар бар.
Әртіс Кремль Сарайы, LIVE Арена, Crocus City Hall, VK Stadium, Горький саябағы, ВДНХ сияқты Ресейдің ең беделді сахналарында өнер көрсетіп жүр.
Akmal’-дың еншісінде миллиондаған стримдер мен беделді марапаттар бар:
• Жыл серпіні - Новое радио марапаты
• RU.TV арнасының «Звезды хайпа» жобасындағы жеңіс
• Fashion People Awards - Жыл жаңалығы номинациясы
• MODA TOPICAL журналы бойынша - Жыл дуэті
• Like Awards - Музыкалық инфлюенсер
• Жара 2024 жүлдесінің жеңімпазы, RU.TV 2024 номинанты
Күздің ең жарқын оқиғасын өткізіп алмаңыз! Сізге нағыз музыкалық ләззат сыйлайтын кеш болмақ!
Достармен бөліс
Келесі оқиғалар сізге қызық болуы мүмкін:

