«Менің Қазақстаным» атты Шәмші Қалдаяқов әндерінің халықаралық фестивалі
Қазақконцерт «Менің Қазақстаным» атты Шәмші Қалдаяқов әндерінің халықаралық фестиваліне шақырады.
Іс-шараның мақсаты – Қазақстанның Халық әртісі, ұлы композитор және қазақ вальсінің королі атанған Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау. Музыкалық мұраға айналған оның әндері ұлттық нақыш пен жүрек жылуына толы әуезділігімен ерекшеленеді. Заманауи өңдеулер мен кәсіби орындаушылардың шеберлігі арқасында Шәмшінің әндері жаңа серпінге ие болып, жаңа қырынан ашылады.
Фестиваль бағдарламасы аясында Өзбекстан, Башқұртстан, Тәжікстан және Армениядан келген шетелдік өнерпаздар бір сахнада бас қосады. Көрермен назарына әсерлі жеке орындаулармен қатар, Қазақконцерт шығармашылық ұжымдарының қатысуымен өтетін бірлескен қойылымдар ұсынылады.
Барша өнер сүйер қауымды осы ерекше мәдени шараға қатысып, ұлы композитор Шәмші Қалдаяқовтың мәңгілік әуендерінің құдіретін қайта сезінуге шақырамыз. Бұл кеш – ұрпақтар сабақтастығын жалғайтын, шынайылық пен жастықтың, сондай-ақ Отанға деген сүйіспеншіліктің символына айналған сәт.
Достармен бөліс
Келесі оқиғалар сізге қызық болуы мүмкін:
Яга на нашу голову (2025)
