тәулік бойы қолдау қызметі:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07
97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.

Mozart Gala

Билет сатып алу

КОНЦЕРТ ҚАЗАҚ және ОРЫС ТІЛДЕРІНДЕ ӨТЕДІ
Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады

Моцарт музыкасына арналған Mozart Gala концертінде «Астана Опера» театрының опера солистері мен камералық оркестрінің орындауында әйгілі веналық классиктің «Дон Жуан», «Фигароның үйлену тойы», «Сиқырлы флейта» және басқа да атақты операларынан ариялар, дуэттер мен фрагменттер шырқалады.

Моцарттың шығармашылық мұрасы бірегей болғанымен, опера айрықша орын алған әрі ұлы композиторды көбірек қызықтырған. Мұны ол өзі де мойындаған: «Опера жазатындардың бәріне қызғанышпен қараймын. Опера ариясын тыңдап, жылауға дайынмын… Опера жазуға ықыласым — менің idée fixe».

Моцарт осы жанрдағы алғашқы шығармасы «Аполлон және Гиацинтты» 10 жасында жазған. Ал неміс тілінде жазылып, ұлттық сюжетті философиялық тереңдікпен бейнелеген «Сиқырлы флейта» операсы оның шығармашылығының шыңына айналды.

Моцартқа тән өткір әзіл мен талғампаздыққа толы вена классигінің жарқын әрі жантебірентерлік музыкасы опера сүйер бірде-бір жанды бейжай қалдырмайды.

ОРЫНДАУШЫЛАР:
Айгерім АМАНЖОЛОВА,
 «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты (сопрано)
Гүлдана АЛДАДОСОВА (сопрано)
Мәдина ИСЛАМОВА (сопрано)
Ұлпан ӘУБӘКІРОВА (сопрано)
Әлихан ЗЕЙНОЛЛА (тенор)
Нұрсұлтан  ӘНУАРБЕК (тенор)
Алтынбек ӘБІЛДА, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты (баритон)
Сұлтан БАҚЫТЖАН (баритон)
Азат МӘЛІК, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты (баритон)
«Астана Опера» опера солистері мен камералық оркестрі
Дирижер – Айдар ӘБЖАХАНОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері 

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.