Алексей Квашонкиннің жеке стендап-концерті Астана қаласында
Алексей Квашонкин - отбасылы азамат әрі 12 жылдық тәжірибесі бар кәсіби стендап-комик. Ол көптен бері Stand-Up Club #1 клубының тұрақты қатысушысы ғана емес, сонымен қатар бірнеше авторлық жобалардың иесі. Оның «Споры», S.U.C.K.Voyage, «Друзья» және «Когда-то, где-то» атты үш мықты стендабы YouTube арнасында миллионнан астам қаралым жинаған.
Ескі әзілқұмарлар Алексейді «Книжный клуб», «Энтропия молекулярного котангенса» және аты аңызға айналған «Порараз Бирацца» жобаларынан да таниды. Егер сіз әлі Алексейдің ешбір стендабын көрмеген болсаңыз - тез арада көріп үлгеріңіз!
Спойлер: Алексей көбіне отбасы мен телячьи щёчки туралы әзілдейді. Квашонкиннің концертіне қыз-жігіт болып келуге болады - оның монологтары бірге күлуге, бірге демалуға тамаша мүмкіндік!