«Touch the Light» және «A Fuego Lento» - Астана Балет театрында
Кеш бағдарламасында «Астана Балет» театрында «Touch the Light» және «A Fuego Lento» заманауи балеттері көрсетіледі.
«Touch the Light»
Хореограф және қоюшы-суретші: Илья Живой
Музыкасы: Филип Гласс
Бейне-суретші: Покрас Лампас
Костюмдер бойынша суретші: Соня Вартанян
Жарық бойынша суретші: Константин Бинкин
Қоюшы-суретшінің ассистенті: Алексей Танцырев
«Астана Балет» театрының сахнасында өткен маусымның жарқын премьерасы – заманауи балеттердегі ерекше пластиканың танымал өнертапқышы Илья Живойдың хореографиясындағы «Touch The Light» балеті. Қойылымның басты ерекшелігі – қазіргі заманның ең танымал каллиграфы Покрас Лампастың каллиграфиясы. Суретші би пластикасын қолмен бейнелеген, ал каллиграфия экранға проекцияланып, композитор Филипп Гласстың музыкасымен және хореографиямен синхрондалған.
Touch the Light – бұл музыка, сән, стрит-арт, каллиграфия және неоклассикалық би тоғысындағы перформанс. Онда 6 биші өз мүмкіндіктерінің шегінде жұмыс істей отырып, ішкі нұр, жан және осы әлемде өзіңді қалай табуға болатыны туралы әсерлі әрі батыл оқиғаны баяндайды.
«Әрқайсымыздың ішімізде нұр бар және бұл отты бізге ғалам берген – бұл жүректерді тебірентіп, тағдырларды шешіп, сиқыр жасай алатын баға жетпес сый. Бұл кішкентай ұшқын ба, әлде бәрін жұтатын жалын ба, маңызды емес, егер сен оған жанасуға бел бусаң...»
«A Fuego Lento»
Музыкасы: Л. Шифрин, А. Пьяццолла, К. Гардель, С. Косуги
Идеясы, хореографиясы және костюмдері: Рикардо Амаранте
Бұл адамның алғашқы махаббат пен құштарлық сезімдерін қалай ашатыны туралы балет. Өрши түскен ыстық леп пен эмоциялық шиеленіс сезімі – мұның бәрі ішті жайлап өртейді. «A Fuego Lento» – бұл сезімтал тангоның еліктіргіш ырғақтарына оранған әрбір сахнадағы құштарлық.
Достармен бөліс
Келесі оқиғалар сізге қызық болуы мүмкін:
.jpg?w=220&h=300)
