97 человек за последний час интересовались этим событием.
Бағлан Омаровтың «Кездесу мен қоштасу» атты шығармашылық кеші
«Кездесу мен қоштасу» атты шығармашылық кешіне шақырамыз!
2025 жылдың 12 қарашасында сағат 19:30-да, Түркістан қаласындағы Конгресс холлда белгілі композитор Бағлан Омаровтың «Кездесу мен қоштасу» атты шығармашылық кеші өтеді.
Бұл ерекше кеште автордың жүрек тербейтін әндері мен жаңа туындылары тыңдарманға ұсынылады. Бағлан Омаровтың шығармалары қазақ эстрадасының алтын қорына енген талай әншілердің орындауында шырқалады.
Кеш қонақтары: «Музарт» тобы, Лұқпан Жолдасов, Құрмаш Маханов, Асқар Жүнісбеков, Досымжан Таңатаров, Саят Медеуов, Қуандық Рахым, Лаэлия Алиева, «Алатау voice» тобы және басқа да елімізге кеңінен танымал өнер жұлдыздары.
Келіңіздер, көріңіздер!
Жан мен жүректі тербейтін әсерлі ән кешінің куәсі болыңыздар!
Рассказать друзьям
Не хватает информации? Напишите нам, мы добавим!
