Помощь без выходных:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07
97 человек за последний час интересовались этим событием.

БАЛНҰРҒА ТАРТУ

Купить билеты

2025 жылғы 12 қараша күні  сағат 19:00 де Филармония концерт залында (Кенесары 32)  Астана қаласы әкімдігінің  «Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясы»  Қазақ оркестрінің ұйымдастыруымен  өтетін белгілі композитор, ҚР Мемлекетік сыйлығының лауреаты, «Қазақстан композиторлар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы,  «Құрмет» орденінің иегері  Балнұр Қыдырбектің  70 жылдығына орай «Балнұрға тарту» атты концерті өтеді. Бұл концертте,  Балнұр Қыдырбектің  өнердегі  әріптестері яғни Қазақстанның белгілі композиторлары өз шығармаларын авторға тарту етеді. Атап айтсақ, Қазақстанның Халық әртісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «ПАРАСАТ» орденінің иегері, күйші композитор, профессор Айтқали Жайымов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Төлеген Мұхамеджанов, Ермұрат Үсенов, Серік Еркімбеков, Серік Әбдінұров, Әлқуат Қазақбаев, Қазақстанның Мәдениет қайраткері, күйші композитор, дирижёр Нұрлан Бекенов,   «Құрмет» орденінің иегерлері Еркін Нұрымбетов, Арман Жайым сонымен қатар Сланқожа Қарақыстық, Әліби Әбдінұров, Құрмет Сақай, Айсұлу Тани, Дулат Абильдинова, Сәукеш Әліш, сынды көптеген Қазақстан композиторларының шығармалары мен әндері орындалады. Сонымен қатар концертімізде Қазақ оркестрінің әншілері  Халықаралық байқаулардың лауреаттары Нұрқанат Тапиев және Әйгерім Темірбекова, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Алтынбек Әбілда өз өнерлерін сахна төрінде көрсетеді.

Оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижёры Қазақстанның Халық әртісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «ПАРАСАТ» орденінің иегері, күйші композитор, профессор Айтқали Жайымов,

Дирижёр  Қазақстанның Мәдениет қайраткері, күйші композитор, Нұрлан Бекенов