Помощь без выходных:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07
97 человек за последний час интересовались этим событием.

Жас-Мұқасан в Музкафе

Купить билеты

После приобретения билета необходимо забронировать место за столиком позвонив по номеру +7 776 258 3777

Бұл кештің мақсаты: Қазақтың битлзына айналған «Дос-Мұқасан» ансамблінің репертуарындағы барша қазақ даласын тебіренткен әндерін көпшіліктің назарына ұсынып, әрі қарай сабақтастықты жаңғырту яки жалғастыру болып табылады. 

«Жас-Мұқасан» ансамблі
Республикалық байқаулардың лауреаттары, және тарихи Дос-Мұқасан вокалды аспаптық ансамблінің 55 жылдығына арналған «Жастықтың алауындай, жүректің қалауындай» атты фестивальінің Гран-при жүлдегерлері!

Ансамбльдің құрылуына, Дос-Мұқасан ансамблінің 55 жылдығының аясында түсірілген көркемдік фильмі арқау болды. Аздаған уақыт ішінде көптеген жобаларда өнер көрсетіп, халықтың сүйіспеншілігіне бөленді. Соның бірегейі Ұлттық арнада ел назарына ұсынылып жатырған, Қазақ мәдениетінің ең озық үлгілерін насихаттайтын «Гауһартас» мәдени-танымдық телешоуын атап өтсек болады. Бүгінгі әндердің барлығы Қазақстанның еңбек сіңірген қайреткері, Дос-Мұқасан ансамблінің көркемдік жетекшісі әрі негізін қалаушы, композитор, музыкант Мұрат Құсайынов -тың өңдеуінде орындалады.