«Бес бойдаққа бір той» М. Әуезов театры гастрольдік сапармен Талғар қаласында
Көрнекті жазушы-драматург Тынымбай Нұрмағамбетовтың екі бөлімді музыкалық комедиясы араға бес жыл салып сахнаға қайта оралды.
Бес бойдақ - Қырманбай шал және оның ұл - қыздары. Жер ортасынан ауғанда кемпірі дүние салған Қырманбайдың көңілі ұлдарының тұрмыс-тіршілігіне толмайды, сондықтан өз әулетінің ертеңіне алаңдаулы; ал ұлдары болса әкесін үйлендірмек болып әлек…
Бүгінгі күн мәселесін ұлттық дүниетаным тұрғысынан қарастыратын әзілге толы қойылымда әсем ән мен қазақы қалжыңдар жалпы атмосфераны жандандыра түседі.
Қырманбай - Б. Тұрыс
Барбол - Б. Манжігітов
Нарбол - Н. Қуанышбайұлы
Күйкетай - М. Келгенбай
Шүйкетай - А. Бақытжанова
Жарбол - Е. Тұрысов
Гүлбарам - К. Шаяхметова
Марат - А. Тұрарбек
Кико - Е. Бектасов
Мара - Ұ. Райханова
Қалдыгүл - З. Каташева
Рассказать друзьям
Рекомендуем также:
.jpg?w=220&h=300)
