Помощь без выходных:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07
97 человек за последний час интересовались этим событием.

«Бес бойдаққа бір той» М. Әуезов театры гастрольдік сапармен Талғар қаласында

Купить билеты

Көрнекті жазушы-драматург Тынымбай Нұрмағамбетовтың екі бөлімді музыкалық комедиясы араға бес жыл салып сахнаға қайта оралды. 

Бес бойдақ - Қырманбай шал және оның ұл - қыздары. Жер ортасынан ауғанда кемпірі дүние салған Қырманбайдың көңілі ұлдарының тұрмыс-тіршілігіне толмайды, сондықтан өз әулетінің ертеңіне алаңдаулы; ал ұлдары болса әкесін үйлендірмек болып әлек… 

Бүгінгі күн мәселесін ұлттық дүниетаным тұрғысынан қарастыратын әзілге толы қойылымда әсем ән мен қазақы қалжыңдар жалпы атмосфераны жандандыра түседі. 

Қырманбай - Б. Тұрыс
Барбол -  Б. Манжігітов
Нарбол - Н. Қуанышбайұлы
Күйкетай -   М. Келгенбай
Шүйкетай -  А. Бақытжанова
Жарбол -  Е. Тұрысов
Гүлбарам -  К. Шаяхметова
Марат  -  А. Тұрарбек
Кико -  Е. Бектасов
Мара -  Ұ. Райханова
Қалдыгүл  -  З. Каташева