ЖЕР-АНА ТЫНЫСЫ: ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫНЫҢ САЗЫ
Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында Қазақстанның жетекші опера әншісі, «Құрмет» орденінің иегері Зарина Алтынбаеваның көптен күткен жеке ән кеші өтеді. Концертке театрдың симфониялық оркестрі мен хоры қатысады. Дирижёр – Қанат Омаров. Фортепиано партиясын – Әлияр Өтетлеу орындайды.
Кеш қонақтары:
· Жамиля Серкебаева – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Монте-Карлодағы халықаралық фестивальдің «Бірінші скрипка» дипломының иегері
· Тілек Найманбаев – А.Малдыбаев атындағы Қырғыз ұлттық опера және балет театрының солисі, Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген артисі
· «Хазар» этно-фолк тобы
· Көпаспапты музыкант – Садиг Намазов
· Абай атындағы Қазақ Ұлттық опера және балет театрының солисі – Балуан Беркенов
Бағдарламада:
· Қазақ даласының халық жауһарлары мен композиторлардың авторлық шығармаларынан бастап, батыл интерпретацияларға дейін;
· А.Затаевич жазбалары бойынша қайта қалпына келтірілген ескі әндер, музыкалық архивтер жаңа үнмен қайта жаңғырады;
· Әзірбайжанның рухты музыкасы, қырғыз даласының кең тынысына, иран, татар, өзбек, ұйғыр мәдениеттерінің нәзік лирикасына дейін жалғасатын Ұлы Жібек жолының мұрасы.
Достармен бөліс
Келесі оқиғалар сізге қызық болуы мүмкін:

