тәулік бойы қолдау қызметі:
+996(220)04-49-23 +7 771936-53-53 Ticketon WhatsApp Ticketon telegram
97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.

ЕНТ тапсырмаймын

Билет сатып алу

Драма жанрындағы туынды белгілі драматург Л.Разумовскаяның «Қымбатты Елена Сергеевна» атты шығармасына негізделген.

Қойылымның сюжеті өте қызық. Мектеп бітіруші оқушылар сүйікті ұстазын туған күнімен құттықтауға келеді. Бір қарағанда, бұл жай ғана қарапайым, жылы тосынсый болып көрінгенімен, оқиға мүлде басқа арнаға бұрылады. Әр кейіпкердің көздеген өз мақсаты бар, ал оған жету үшін тек бір ғана қадам қалды. Бірақ ар-ұждан мен жеке мүдде таразыға түскенде, олар қандай шешім қабылдайды? Өз пайдасы үшін қаншалықты шектен шығуға дайын? Себебі кейде мақсатқа жету жолында кез келген тәсіл ақталады…

Спектакльде жасөспірімдердің басты проблемалары, түсініспеушілік пен ұрпақ сабақтастығы мәселелері көтерілген. Кезінде қоғамда резонанс тудырған пьеса «Astana Musical» театрының көркемдік жетекшісі Есләм Нұртазиннің режиссерлігімен сахналанады. Бұл қойылым жастарды ессіз әрекеттерден туындайтын күрделі мәселелерден абай болуға, оларға дер кезінде төтеп беруге шақырады.