СЫҒАН БАРОНЫ
21-24 тамызда Қарағанды академиялық музыкалық
комедиялық театрының гастролі
«СЫҒАН БАРОНЫ»
И. Штраус
3 көріністі оперетта
Ұзақтығы – 1 сағат 50 мин
Жас шектеуі 5+ екендігіне назар аударуды сұраймыз
Дирекция орындаушыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады
Либретто: В. Шкваркин
Спектакльдің премьерасы 1988 жылғы 30 маусымда өтті.
ҚОЙЫЛЫМ ТОБЫ
Қоюшы режиссер - Б.Бруштейн
Қоюшы дирижер - В.Крестенко
Қоюшы суретші - М.Байкенов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Қоюшы балетмейстер - А.Курбатов
Хормейстер - Е.Кулакова
«Сыған бароны» – бұл И.Штраустың опереттасы, оның премьерасы 1885 жылғы 24 қазанда «der Wien» театрында өткен. Оперетта үлкен жетістікке ие, танымалдылығы жағынан «Жарқанатқа» қана жол береді. Штраус музыкасының үйлесімі мен табиғаты осы сахналық қойылымды комедиялық немесе лирикалық опера ретінде қарастыруға мүмкіндік береді, бұл байыпты сюжеттен де, тұрмыс көріністерімен өрнектелген әрекеттің баяу өрбуінен де байқалады.
Оқиға ХVIII ғасырдағы Венгрияда өрбиді. Бұл – жер иеленуші және түрік пашасының қызы ретінде көрсетілген сыған қызының арасындағы некенің әсерлі хикаясы. «Сыған баронының» кейіпкерлері әсте жеңілтек кейіпкерлер емес, олар намысқой әрі еркін адамдар – Шандор Баринкай, Саффи. Ұзақ саяхаттан кейін отанына оралған барон Шандор Баринкай асқан сұлу сыған қызы Саффиге ғашық болады. Алайда Саффи сыған қызы емес, оның бөлесі, әйгілі граф әулетінің бай мұрагері болып шығады.
Адамгершілік пен шынайы махаббат надандық пен өркөкіректікті жеңіп, салтанат құрады. Вальс, полька, чардаш ырғақтары және, әлбетте, сыған мен венгр әуендері романтикаға толы, еліктіргіш әрі жүректегі мәңгі көктем мен махаббаттың баяндылығына деген сенімді көңілге ұялатады.