«Ұлы дала. Тарих. Гравюра» көрмесі
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде 2025 жылғы 18 мамыр мен 18 тамыз аралығында «Ұлы дала. Тарих. Гравюра» көрмесі өтеді.
Аталған көрмеде XIX ғасыр гравюралары көрмесінің серіктес ұйымы болған «BonArt» аукцион үйі (Мадрид, Киев, Алматы) орыс, неміс, итальян және француз гравюра суретшілері жасаған 94 таңдаулы туындылары қойылады. Автaрлaры – Ресей, Германия, Италия және Франциядан келген гравюра өнерінің шеберлері.
Экспозиция жанрлар мен сюжеттердің алуан түрлілігімен таң қалдырады, бұл жерде тұрмыстық портреттер, этнографиялық экспедициялардың жол эскиздері түріндегі бірегей тарихи құжаттар, шайқас бейнеленген жұмыстар мен екі жүз елу жыл бұрын өмір сүрген қарапайым қазақтардың күнделікті өмірінің аллегориялық композициялары ұсынылған.
Көрменің мақсаты: XIX ғасырдың шетелдік графикалық өнер шеберлері жасаған гравюра өнері туындылары арқылы Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасының бірегейлігін көрсету.
Көрме атауы: |
«Ұлы дала. Тарих. Гравюра» |
Экскурсиялық бағдарлама: |
Алтын залсыз шолу – 30 минут Алтын залмен шолу – 45 минут |
Музейді аралау ұзақтығы: |
Музей аралау аясында |
Жас шегі: |
жоқ |
Күні мен уақыты: |
18/05/25 -18/08/25 |
Келу ережелері: |
Экспонаттарды қолмен ұстауға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ Музей залдарына сусын мен тамақпен кіруге ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ 14 жасқа дейінгі балалар ересек адаммен бірге музейге баруы керек. |
Өзіңізбен бірге алу: |
|
Бағасы |
Кіру билеттерінің бағасына кіреді: жас санаттары, музейге іріктеп немесе кешенді бару (тарифтерді қараңыз). 7 жасқа дейінгі балаларға кіру - ТЕГІН. 7 жастан 18 жасқа дейін - балалар тарифі. 18 жастан 22 жасқа дейін – студенттік тариф (студенттік билетті көрсеткен кезде). |
|
Жеңілдіктер тек уақытша және тұрақты экспозиция залдарын, соның ішінде Ұлы Дала ежелгі өнері мен технологиялары залын («Алтын залдары») қамтитын кіру билеттеріне ғана қолданылады және растаушы құжаттарды көрсету арқылы жүзеге асырылады.
Тегін кіру мүмкіндігі тек Қазақстан Республикасы азаматтарына ғана рұқсат етілген
|
ТЕГІН:
50% ЖЕҢІЛДІК: 1. III топтағы мүгедектігі бар азаматтар |
Жеңілдік санаттарына жататын азаматтар үшін шетелдік (халықаралық) көрмелерге кіру (I–II топтағы мүгедектігі бар азаматтар мен оларды ертіп жүретін адамдарды, сондай-ақ III топтағы мүгедектігі бар азаматтарды қоспағанда) бекітілген прейскурантқа сәйкес ақылы түрде жүзеге асырылады. |
1. I–II топтағы мүгедектігі бар азаматтар және олармен бірге жүретін адамдар – тегін 2. III топтағы мүгедектігі бар азаматтар - 50% жеңілдік 3. Қалған жеңілдікті санаттар үшін: – Ересектер, студенттер – 2000 теңге – Зейнеткерлер, балалар – 1000 теңге
|
Достармен бөліс
Келесі оқиғалар сізге қызық болуы мүмкін:

