тәулік бойы қолдау қызметі:
+996(220)04-49-23 +7 771936-53-53 Ticketon WhatsApp Ticketon telegram
97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.

КАМЕРАЛЫҚ МУЗЫКА КЕШІ

Билет сатып алу

Қазақконцерт сүйікті көрермендерін камералық музыка кешіне шақырады. Кеш барысында тыңдарман қауым орындаушылық шеберліктің жаңа толқынын таныстырып жүрген жас таланттардың өнеріне тәнті болады.

Концерттік бағдарламада романтизм дәуірі, Вена классиктері және ХХ ғасыр композиторларының, сонымен қатар қазақстандық авторлардың шығармалары ұсынылады. Олардың қатарында В. Моцарт, И. Брамс, Ф. Шуберт, С. Рахманиновтың және т.б. туындылары бар. Сондай-ақ, қазақ музыкасының «Балбырауын», «Қыз қуу» сияқты заманауи интерпретациялары орындалады.

Іс-шараға Қазақстанның талантты жастары, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары қатысады: София Мухамедиярова, Алихан Дженсикпаев, Дияржан Ахатов, Диляра Муканова, Анастасия Белишкина, Айгерим Аулбек, Айгерим Бакыт, Карина Кузнецова, Дидар Карим, Нурай Байкеш, Дильназ Жанкушукова, Томирис Байгозинова, Михаил Пилявский, Дина Халиева, Даниал Дюсембаев, Мухаммад Байсарин, Нурай Еркин және Бекмырза Жанас.

Бұл кеш жас музыканттардың классикалық шығармаларды жаңа көзқараспен, шынайы шабытпен және мәңгілік туындыларға деген ерекше махаббатпен таныстыруына тамаша мүмкіндік береді.