тәулік бойы қолдау қызметі:
+996(220)04-49-23 +7 771936-53-53 Ticketon WhatsApp Ticketon telegram
97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.

«АЛДАР КӨСЕ» МЮЗИКЛЫ - АҢЫЗДЫҢ ЖАНДАНУЫ!

Билет сатып алу
Қазақконцерт сахнасында ең сұранысқа ие, көпшіліктің көңілінен шыққан «Алдар көсе» мюзиклы!
 
Біздің заманауи, қайсар да айбынды Алдар көсеміз ән салып, би де билеп, тіпті рэп те оқиды! Кез келген қиындыққа тапқырлығымен төтеп беретін Алдар, әдеттегідей әділдікті қолдап, зұлымдыққа қарсы тұрудан тайынбайды!
 
Мюзиклды не үшін көру керек?
 
Алдар көсе қайта оралып, балалар қуанышы мен үлкендер сағынышын біріктіреді! Әуезді әуендер, әсем билер және көздің жауын алатын костюмдер сізді ертегілер әлеміне жетелейтіні сөзсіз. Режиссер Еслям Нұртазин сахнаны ұлттық нақыштағы декорациямен, заманауи жарық шоуымен безендіріп, ғажайып әлемге айналдырады.
 
Алдар көсе әділетсіз Тағай ханды жеңе ала ма? Ең бастысы - балаңыз шетелдік суперқаһармандарды әлде қазақтың Алдарын таңдар ма екен?
 
Бүкіл отбасыңызбен келіп, ертегі әлеміне Алдар көсемен бірге саяхаттаңыз!