«Самұрық келген таң»
Тілеуғазы Бейсембек
«Самұрық келген таң»
(Киелі Самұрық құс туралы музыкалық ертегі)
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ОРЫНДАЛАДЫ
Ұзақтығы – 50 минут
Жас шектеуі 5+ екендігіне назар аударуды сұраймыз
Дирекция орындаушыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады
«Астана Опера» театрының шығармашылық ұжымы жас көрермендерге «Самұрық келген таң» атты музыкалық спектакль ұсынады. Ол сиқырлы Самұрық құсын іздеп, жолға шыққан Айдар мен Айжанның бастан кешкен оқиғаларынан сыр шертеді. Барлық ертегілер сынды, бұл туынды да ержүрек кейіпкерлері мен олардың адал достарының ғажайып Мәңгілік елге жетіп, бақытқа кенелуімен аяқталады.
Либретто мен музыка авторы – композитор, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Тілеуғазы Бейсембек. Спектакль VII Республикалық «Тәуелсіздік толғауы» байқауының «Балалар аудиториясына арналған драмалық шығарма» номинациясы бойынша І жүлде лауреаты.
ҚҰРАМЫ
КЕЙІН ХАБАРЛАНАДЫ
ПЕРА СОЛИСТЕРІ, БАЛАЛАР СТУДИЯСЫНЫҢ ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРІ
Қоюшы режиссер – Еренбақ Тойкенов
Костюмдер бойынша суретші– Арасель Досмұратова
Проекциялар бойынша суретші – Азамат Құттығожин
Жарық бойынша суретші – Сергей Кулак
Қоюшы хореограф – Николай Коршунов
Балалар хорының жетекшісі – Алтынғаным Ахметова
Жоба жетекшісі – Маржан Жәкенова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Спектакль «Астана Опера» симфониялық оркестрінің аудиожазбасымен өтеді. Дирижерлік еткен Руслан Баймурзин.
«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.
Достармен бөліс
Келесі оқиғалар сізге қызық болуы мүмкін:
Зверополис 2
