тәулік бойы қолдау қызметі:
+996(220)04-49-23 +7 771936-53-53 Ticketon WhatsApp Ticketon telegram

Турандот

«ОПЕРАЛИЯ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МУЗЫКАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ

Джакомо Пуччини

«Турандот»

3 бөлімді опера

Итальян тілінде орындалады

(қазақ және орыс тілдеріндегі синхронды аудармамен)

Ұзақтығы – 2 сағат 40 минут (екі үзіліспен)

Жас шектеуі 10+ екендігіне назар аударуды сұраймыз

Дирекция орындаушыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады

Опера либреттосының негізінде ХІІ ғасырдағы парсы поэзиясының классигі Низамидің ХVIII ғасырдағы парсы ертегілерінің еуропалық жинағына енген поэмасы жатыр, оны бұл топтамадан итальялық драматург Карло Гоцци өзінің «театрға арналған ертегілеріне» алған еді. Либретто авторлары Джузеппе Адами мен Ренато Симони.

Оқиғалар желісі шытырманға толы: айла-шарғысы мол Турандот ханшайым үш жұмбақ жасырып, жауабын тапқан жанға жар болуға уәде береді, ал жеңіліс тапқанға бір ғана жұбаныш – өлім болмақ. Калаф ханзада қайткен күнде де Турандоттың жүрегін жаулауға бел буады...

Жетекші еуропалық сахналар мен туған Италия театрларындағы 22 жылдық еңбек жолында қоюшы режиссер, сценограф, костюмдер бойынша суретші, жарық бойынша суретші және өзге де театрлық мамандықтарды жетік меңгерген режиссер Давиде Ливермор шым-шытырманның түйінін шешеді. Ол атақты орындаушылармен, атап айтқанда Лучано Паваротти, Пласидо Доминго, Хосе Каррерас, Мирелла Френимен, әйгілі режиссерлер – Лука Ронкони, Андрей Тарковский және Чжан Имоумен, сондай-ақ әлемдік жұлдыз – маэстро Зубин Метамен бірге жұмыс жасаған.

БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ЖӘНЕ ОРЫНДАУШЫЛАР

 Турандот – Жұпар ҒАБДУЛЛИНА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері  

                        Бибігүл ЖАНҰЗАҚ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері  

Лиу –              Салтанат АХМЕТОВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері  

                        Назым САҒЫНТАЙ

Калаф –  Михаил ПИРОГОВ, Бурятия Республикасының еңбек сіңірген әртісі

                   Медет ЧОТАБАЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Альтоум – Талғат АЛЛАБИРИНОВ

Тимур – Саркис Бажбеук-Меликян (Армения)

                 Талғат ҒАЛЕЕВ

Пинг –     Расул ЖАРМАҒАМБЕТОВ, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты

                 Ержан Саипов

Панг – Нұрсұлтан ӘНУАРБЕК

              Артур ҒАБДИЕВ

Понг – Бейімбет ТАҢАРЫҚОВ

              Рамзат БАЛАКИШИЕВ

Мандарин – Шыңғыс РАСЫЛХАН, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты

                        Дінмұхамед КӨШКІНБАЕВ

«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ ХОРЫ, БАЛАЛАР ХОРЫ, МИМАНСЫ, ОРКЕСТРІ

ҚОЙЫЛЫМ ТОБЫ

Қоюшы дирижер – Алан Бөрібаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,

                                                            ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

Дирижер – Джузеппе Аквавива

Алан Бөрібаев

Қоюшы режиссер – Давиде Ливермор

Режиссердің ассистенті – Гүлсара Мейрамбекова

Қоюшы режиссердің ассистенті – Еренбақ Тойкенов

Қоюшы суретшілер – Софья Тасмағамбетова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,

                                      Павел Драгунов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Опера труппасының директоры – Талғат Мұсабаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Хормейстер – Ержан Дәуітов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Жарық бойынша суретші – Винченцо Рапони

Проекциялар бойынша дизайнер – Карло Каморали («D-wok» компаниясы)

Жобаның техникалық жетекшісі – Виктор Караре

Балалар хорының жетекшісі – Алтынғаным Ахметова

Режиссер көмекшілері – Алтынғаным Ахметова, Айнұр Халелова, Мәнсия Естекова

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.