Күймен келген Көрісу (AstanaOpera)
«Күймен келген Көрісу»
мерекелік концерті
КОНЦЕРТ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ӨТЕДІ
Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут
Жас шектеуі 10+ екендігіне назар аударуды сұраймыз
Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады
Көктемнің басталуын, табиғаттың оянуы мен тіршілік қуанышын білдіретін мереке сонау көне заманнан бастау алады. Көрісу айт бүгінгі таңда заманауи үнмен толығып әрі халықтың бай рухани мұрасын сақтай отырып, қайта жаңғыру үрдісін өткеруде.
Дәстүрлі күйлер мен халық әндері, ұлттық салт, үлкенге құрмет, отбасылық бірлік құндылығы, мол дастарқан мен балалардың сыңғырлаған күлкісі осынау мерекеге айрықша жылулық пен жайлылық үстейді.
«Күймен келген Көрісу» концертінің мерекелік бағдарламасын дәстүрлі өнер шеберлері – домбырашылар мен қобызшылар, опера солистері, аспапшы музыканттар, сондай-ақ «Астана Опера» камералық хоры ұсынады. Көрермендерді салт-дәстүр, шынайы эмоция мен көктемгі жаңару атмосферасы тұнған жарқын музыкалық кеш күтеді.
«Бір жастарыңызбен!»
ОРЫНДАУШЫЛАР:
- Опера солистері.
- Аспапшы музыканттар
- Режиссер – Еренбақ ТОЙКЕНОВ
«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.
