97 человек за последний час интересовались этим событием.
Махаббат, қызық мол жылдар. Премьера!
«Махаббат, қызық мол жылдар» нәзік жанды, жүрегі жаралы әйелдің тағдырына арналған толғанысқа толы спектаклі. Соғыс уақытының салқыны мен өмір сынына ұшыраған, зорлықтың көлеңкесінде қалған әйелдің ішкі әлемі көрерменді терең ойға жетелейді. Жастықтың мөлдір сезімі, пәк махаббатқа деген сағыныш, үміт пен сенімге арқа сүйеген жандардың жан арпалысы туындының өзегін құрайды.
Бұл қойылым Меңтайдың тағдыры арқылы әйел затының жан әлеміне үңілу, махаббат пен мейірімге мұқтаж көңілдердің үнін естірту. Зорлық көргенмен, өмірден үміт үзбеген жандар жайлы бұл спектакль көрермен жүрегіне жол табары сөзсіз.
Рассказать друзьям
Не хватает информации? Напишите нам, мы добавим!
Рекомендуем также:

Сокровище нации 3

Супруги Роуз (2025)

Астрал. Поместье ужаса (2025)