97 people viewed this event in the past hour.

An Evening by the Fireplace

Buy tickets

 

 

«Романс сиқыры» топтамасы концерт

«КАМИН ЖАНЫНДАҒЫ КЕШ»

(Қазақстанның халық әртісі Хорлан Қалиламбекованың мерейтойына орай)

КОНЦЕРТ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ТІЛДЕРІНДЕ ӨТЕДІ

Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут

Жас шектеуі 10+ екендігіне назар аударуды сұраймыз

Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады

 

25 қаңтарда «Астана Опера» театрының Камералық залында «Романс сиқыры» топтамасынан «Камин жанындағы кеш» концерті өтеді.
Солистер мен оркестр музыканттары романс жанрының тыңдармандарын шабыт пен шығармашылыққа толы жылы атмосферада ерекше қысқы кеш өткізуге шақырады.

Сезім шынайылығы, әуеннің мәнерлілігі мен интонация сыршылдығы — романстың жүректі баурайтын қасиеттері бұл кеште Камералық зал сахнасында өз көрінісін табады.

Концертке танымал әнші, Үлкен театр мен Мәскеу филармониясының солисі, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, елордалық көрермендерге романс кештеріндегі жарқын өнерімен жақсы таныс Павел Черных қатысады.

 

Қатысушылар:

Әсем СЕМБИНА (сопрано)

Лейла АЛАМАНОВА  (сопрано)

Артур ҒАБДИЕВ  (тенор)

Сұлтан БАҚЫТЖАН  (баритон)

Саркиз БАЖБЕУК-МЕЛИКЯН (бас)

Павел ЧЕРНЫХ, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі (бас)

 

Фортепиано партиясы:
Раушан БЕСКЕМБІРОВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткер

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді