«Бала күннің бояуы» театрландырылған концерті
«Күн» инклюзивті театрының мақсаты- 16 жастан асқан Дауна синдромымен туылған балаларды өнер мен театр арқылы қоғамға кіріктіру. Ерекше қажеттілігі бар балалар жаңа репертуармен 18-мамыр күні Атырау қаласында Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай «Бала күннің бояуы» тақырыбындағы театрландырылған концертін ұсынбақшы. Концерттік бағдарламада күн сәулелі балалар «Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай «Бала күннің бояуы» сахналық көрінісін, үнді фильмінен үзіндіні сахналап, ретро стильдегі және замауни би билейді. Сондай-ақ этно стильдегі сән көрсетілімін көрсетеді. «Күн» инклюзивті театр жобасының ерекше актерлары «Мен бармын!» қоғамдық қорының тәрбиеленушілері. Бүгінде күн сәулелі балалар Tik Tok әлеуметтік желісінде кеңінен танылып, миллиондаған қаралым жинап көрермен ықыласына бөленуде.
Рассказать друзьям
Рекомендуем также:


