ЕДІЛ мен ЖАЙЫҚ
Көрнекті қазақ композиторы Илья Жақановтың өмірі мен шығармашылығы негізінде сахналанған «Еділ мен Жайық» мюзиклі - халық ықыласына бөленген тұлғаның қайраткерлік, композиторлық және азаматтық болмысын арқау еткен.
Қазақстанның Еңбек Ері И.Жақановтың соғыс жылдарымен тұспа-тұс келген балалық шағынан бастап, бозбалалық дәурен, жігіттік кезеңдері және қайраткерлік шағындағы өмір иірімдері, елі мен жеріне деген азаматтық ұстанымдары, жан сарайынан ән болып өрілген адами сезімдері көркемдік тұрғыда көрініс тапқан.
Қойылым барысында орындалатын Илья Жақанов әндері - композитордың толғанысы мен тебіренісінен туған, суреткерлік әлемі мен азаматтық көзқарастарын сыр қылып шертетін өмірдің шынайы суреттері.
Бала-Ильяның бойына мейірім сыйлаған Жақан әке мен Балкен ана, өнерге іңкәр жігітке бата берген Ахмет Жұбанов, өнер жолында рухтас жандарға айналған Жұбан мен Шәмші бейнелері, елдікті ту еткен Махамбет батыр елесі - өмірі әнге айналған тұлғаның жан-сарайын айшықтайды.
Илья Жақановтың сырлы саз бен шынайы лиризмге толы ғажайып әлемі - көрерменнің ел мен жерге деген патриоттық сезімін биіктетіп, мейірім мен ізгілікке негізделген тағылым сыйлап, рухани құндылықтарды дәріптейді
Ролдерде:
1. Қайраткер-Илья Жақанов
Ғазиз Сұраппаев
2. Композитор-Илья Жақанов
Жасұлан Қайыров
3. Ғашық-Илья Жақанов
Дарын Әмірхан
4. Бала-Илья
Елнұр Аймұрат
5. Тиышкүл апа (Ильяның жары)
Лунара Апанаева
Тұрсынгүл Аманғалиева
6. Меңдіқыз (Тиышкүлдің жас кезі)
Әйгерім Сыйлықова
Толқын Орақова
7. Жақан (Ильяның әкесі)
Сәкен Шынтеміров
Әлішер Тұрарбеков
8. Балкен (Ильяның анасы)
Гүлнұр Саясат
Нұрай Рахманова
9. Әлихан (Илья Жақановтың немересі)
Бейсенбек Мажит
10. Әйгерім (Илья Жақановтың немересі)
Дария Қуанышқали
11. Жұбан Молдағалиев (ақын)
Мырзабек Макулов
12. Шәмші Қалдаяқов (композитор)
Әзілхан Белгі
12. Махамбет батыр (елес бейне)
Әлішер Тұрарбеков
13. Қадыр Мырзалиев (жас ақын, Илья Жақановтың досы)
Мизам Кеңесов
14. Салтанат (жас ақын Қадырдың жары)
Назым Ізбасарқызы
15. Өмірзақ (Илья Жақановтың досы)
Бекзат Төлепов
16. Дулат (Илья Жақановтың досы)
Қуаныш Айсағали
Мизам Кеңесов
17. Бекболат (ауыл жігіті)
Қуанышбек Хайруллин
18. Ахмет Жұбанов (композитор, академик)
Сәкен Шынтеміров
19. Василий Великанов (композитор, профессор)
Ильяс Қалқабаев
20. Латиф Хамиди (композитор, профессор)
Әлішер Серікбаев
21. Құдыс Қожамьяров (композитор, профессор)
Данир Мұхтарғалиев
22. Бедербай ақсақал
Асылбек Бадел
Ильяс Қалқабаев
23. Сәрсен қария
Мырзабек Макулов
24. Кейуана (әже)
Лунара Апанаева
Анар Құсайынова
25. Ауылсовет төрағасы
Қуанышбек Хайруллин
26. Қалиқа (жесір келіншек)
Гүлдана Көшербаева
Тұрсынгүл Аманғалиева
27. Нұғыман (колхоз басшысы)
Мизам Кеңесов
28. Меңдіқыздың әкесі
Асылбек Бадел
29. Меңдіқыздың анасы
Ақмарал Нысанбаева
30. Жәмила (Елес)
Әйгерім Сыйлықова
31. Ильяс (Елес)
Дарын Әмірхан
32. Әсел (Елес)
Толқын Орақова
33. Ауыл жігіті
Әзілхан Белгі
34. Жұмбақ бейнелер
Ильяс Қалқабаев
Қуанышбек Хайруллин
Алдияр Рысқалиев
Рассказать друзьям
Рекомендуем также:
.png?w=220&h=300)
.jpg?w=220&h=300)