Помощь без выходных:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07
97 человек за последний час интересовались этим событием.

«Қоштасқым келмейді!..» М. Әуезов театры гастрольдік сапармен Ұзынағаш қаласында

Купить билеты

М. Әуезов атындағы драма театрының мәдениет сарайы сахнасындағы гастрольдері

Спектакль лейтмотивіне Ф. Шуберттің «Кешкі серенада» әні алынды.

Терең психологизммен ерекшеленетін көрнекті орыс драматургы А.Володин пьесасы бойынша қойылымға,  ажырасуға бел буған сегіз отбасының әрқилы тағдыры  арқау болады. Жасы, әлеуметтік мәртебесі, дүниетанымы жағынан әртүрлі бірнеше шаңырақ иелері сан түрлі өмір драмасына ұшырап, күмән-күдікке, тәкаппарлыққа бой алдырады – бақытты кездесулер баянсыз қоштасуларға ұласқалы тұр. Некелерін бұзуға сотқа келген оларды татуластырмаққа судья барын салады. Алайда өзімшіл ерлі-зайыптылар  бірін-бірі тыңдаудан, түсінуден қалған...

Шарттылық белең алатын қойылымда әр кейіпкер әртүрлі таным, жеке дүниетанымын алға тартады. Әрбір кейіпкер, яғни әрбір адам – жеке әлем, тек сол әлемге үңілу, оны түсіне, қажет болса кешіре білу – үлкен қасиет.  Негізінен театрдың жас буыны қатысатын спектакль өмірдің осы бір қарапайым да күрделі пәлсапасы туралы ойларға жетелейді.

*Спектакльдер орыс тіліне ілеспе аудармамен жүреді

Катя – З.Рахымжан
Митя – А. Тұрарбек (Ввод)
Әйел – Г. Жакупова
Ирина – А . Ағымбай
Валера – Р. Бекет
Фотограф – Ә. Есбатыров
Дядя Витя – Е.Тұрыс
Козлов – Е. Дайыров
Козлова – М. Қасенова
Козлов қызы – Раяна Қасымхан
Судья – Қ. Демеуов
Шумилов – Ж. Садырбаев
Шумилова – М. Келгенбай
Судья -  А. Бақытжанова
Керилашвили – Д. Шыныбек
Лариса - Г. Досанова
Анасы - Г. Шыңғысова
Судья – Ш. Асқарова
Рэпер - Д. Анарбай
Никулин – Е.Тұрыс
Никулина - К. Шаяхметова
Судья – Қ. Мамытқалиев
Беляев – Е. Бектасов
Беляева - А. Бақытжанова
Судья - Ғ. Амангелдіұлы
Миронов-  Д. Анарбай
Миронова-  Л. Қалдыбекова
Судья-   З. Көпжасарова

Керилашвили жігіттері - Қ. Демеуов, Ә. Базарбай, Р. Бекет, Ғ. Амангелдіұлы

Көпшілік сахна: Ә. Базарбай, А. Тұрарбеков, Қ. Демеуов, Ғ. Амангелдіұлы, Р. Бекет, И. Мәзімбай, Н. Қуанышбайұлы, Д. Анарбай, А. Ағымбай, М. Келгенбай, А. Бақытжанова, Д. Ныгметуллина, М. Қасенова, Л. Тілеуова, Ұ. Райханова,З. Каташева, Г. Досанова