«Алтын тоғай сыр шертеді»
Қарттар күні - бұл ерекше мереке! Кемелдікті қадірлеу мен құрметтеу мерекесі.
Әр жыл сайын осы күні орыс халық аспаптары оркестрінің жанды орындауындағы концерттік бағдарлама дәстүрге айналған.
2025 жылы ұлы ақын Сергей Александрович Есениннің туғанына 130 жыл толады. Серебряный дәуірдің ең танымал ақындарының бірі саналатын Есениннің шығармалары бүгінгі таңда да түрлі оқырмандық платформалардың рейтингінде алдыңғы қатардан түспейді.
Орыс халық аспаптары оркестрі тыңдармандар үшін осы айтулы мерекелерді тоғыстырып, филармония солистерінің қатысуымен ерекше бағдарлама әзірледі:
С. Есенин өлеңдеріне жазылған романстар
Кеңестік эстрада әуендері
Жастық шақ кинофильмдерінің әуендері
Орыс халық аспаптары оркестрінің 30-дан астам музыканты солистермен бірге сахнада өнер көрсетіп, өткен дәуірдің атмосферасын қайта жаңғыртып, жүректеріңізге ең ыстық сезімдерді сыйлауға дайын.