Ясауи музейі мен Сирек жәдігерлер залы
Ясауи музейі – Ұлы сопы, ғұлама ақын және түркі руханиятының ұстазы туралы музейлік кеңістікті ұсынады!
Ясауи музейі түркі халықтарының рухани тарихындағы ең ірі тұлғалардың бірі саналатын ұлы сопы, ақын, ойшыл және ағартушы Қожа Ахмет Ясауи мұрасына арналған заманауи орталық. Музей экспозициясы келушіні Ясауи өмір сүрген дәуірден бастап, оның кемеңгерлік іліміне, «Диуани Хикмет» шығармашылығына, Ясауийа тариқатының қалыптасуына және оның кейінгі сегіз ғасыр бойы түркі әлеміне тигізген ықпалына жетелейтін құрылымды сапарға шақырады.
Ясауи музейінің экспозициялық желісі 8 негізгі блоктан тұрады. Әр блок келушіні белгілі бір тарихи кезеңге, идеяға немесе мәдени қабатқа бойлату үшін арнайы әзірленген тақырыптық кеңістік.
I-блок - «Ұлы ақын және ойшыл дәуірі»
Бұл залда Ясауи өмір сүрген орта – XII ғасырдың саяси, мәдени және рухани ахуалы көрсетіледі. Түркістан мен Ясы қаласының дамуы, дала өркениетінің ерекшеліктері, Қарахандықтар кезеңіндегі исламдану үрдісі толыққанды түсіндіріледі.
II-блок - «Кемелдікке апаратын жол»
Сопылық дүниетанымдағы төрт саты: шариғат, тариқат, мағрифат және хақиқат жүйесі интерактивті форматта түсіндіріледі. Келуші Ясауи кемелдік мектебінің ішкі құрылымымен, рухани тәрбие әдістерімен танысады.
III-блок - «Диуани Хикмет»
Бұл бөлімде Ясауидің басты шығармасы — «Диуани Хикметтің» түпнұсқа мәні, тілдік, поэтикалық және философиялық ерекшеліктері көрсетіледі. Хикметтердің визуалды-интерактивті презентациялары, қолжазба нұсқаларының репродукциялары ұсынылады.
IV-блок - «Ясауидің рухани мұрасы»
Ясауидің рухани ұстаздық жүйесі, зікір, риязат, қылуыет дәстүрлері, шәкірттер даярлау әдістері, сопылықтың түркілік моделі мен адам тәрбиесіндегі орны көрсетіледі.
V-блок - «Ясауи ілімінің таралуы және оның ізбасарлары»
Арыстан Бабтан бастап, Ясауидің тікелей шәкірттеріне, кейінгі ғасырлардағы түркі сопылық мектептеріне дейінгі шежіре ұсынылады. Ясауийа жолының Осман империясындағы, Қазақ хандығындағы және Орта Азиядағы ықпалы баяндалады.
VI-блок - «Түркістан залы — түркі әлемінің бесігі»
Түркістанның әлемдік өркениеттегі орны, қала тарихының мыңжылдық кезеңдері, Ясауи мұрасының Түркістанды рухани орталыққа айналдырудағы рөлі кең форматта көрсетіледі.
Ясауи музейі – рухани сапар, мәдени білім, тарихи таным және эстетикалық әсер беретін кеңістік. Музейге келу арқылы сіз түркі өркениетінің жүрегіне, Ясауи ілімінің өзегіне және Түркістанның мыңжылдық рухани болмысына бір қадам жақындайсыз.
Сирек жәдігерлер залы экспозициясы ғасырлар бойы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде сақталып, бүгінгі күнге дейін өз заманыны рухын жоғалтпаған бірегей жәдігерлерді ұсынады. Бұл жәдігерлер – тек тарихи бұйымдар ғана емес, сонымен қатар, әр дәуірдің сәулет, көркемөнер және қолөнер шеберлігінің куәсі болып табылады.
Экспозициядағы аса құнды жәдігерлердің бірі — Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің XIV ғасырдан сақталып келе жатқан екі есіктің бірі — Қабірхана есігі. Бұл есік орта ғасырлық оюлы есіктердің тамаша үлгісі болып табылады. Есік екі жақты ашылады, ұсақ сүйектермен әшекейленіп ергенектері қаңылтырмен қапталып ондағы жазулар алтынмен апталған. Бұл есіктегі араб және парсы тіліндегі жазуларды алғаш толық оқып, ғылыми түрде сипаттап, қазақ тіліне аударған – мәтінтанушы ғалым Сайпулла Моллақанағатұлы. Есіктің жоғарғы жағындағы екі шаршының ішінде ойылып өрнектелген гүл мен жапырақтардың арасында сулус қолтаңбасымен жазылған Пайғамбардың (ғ.с) хадисі орын алған. Есіктің ортаңғы бөлігінде, жарты бағанада куфа қолтаңбасымен парсы тілінде жазылған жазу: «құтты болсын», - деген сөз. Есіктегі екі қола пластина бетіндегі айналдырыла сульс қолтаңбасымен жазылған жазулар бар. Ал есіктің ергенегіндегі қапталған қаңылтырдағы жазулар есікті айналдыра геометриялық медальондар ішіне сулус қолтаңбасымен жазылған.
Экспозицияның маңызды бөлігін XII ғасырдағы терракота қыш тақтайшалары құрайды. Олар кесененің алғашқы кезеңіндегі сәндік элементтері болса, XIV ғасырдағы шыңылтырлы қыш тақтайшалар Әмір Темір дәуірінде жасалып, кесененің бүгінгі монументалды бейнесін қалыптастырған. Сонымен қатар, XX ғасырда ежелгі технологиялар негізінде жасалған қалпына келтірілген шыңылтырлы қыштар да ұсынылған.
Тарихи құндылығы ерекше экспонаттардың қатарына 1399 жылы Әмір Темір кесенеге сыйға тартқан қола шырағдандар және ғасырлар бойы ғимараттың ажырамас бөлігі болған күмбездің ұштары – куббалар қойылған. Бұған қоса, кесене кешенінде пайдаланылған XIX ғасырдағы мыс қазандар да көрмеден орын алған. Экспозицияны қазақ халқының өзіндік мәдени ерекшелігін көрсететін дәстүрлі әйелдердің зергерлік бұйымдары, сондай-ақ Әмір Темірдің билік пен рухани мұрагерліктің нышаны болған тудың қола ұшы - Лауханың көшірмесі толықтырады.
Сирек жәдігерлер залында қойылған құнды жәдігерлердің бірі – Түркістан Қазақ хандығының астанасы болған кезеңде салынған мешіттен шыққан ағаш бағана. Бұл жәдігер 1954 жылы музей қорына тапсырылған. Ол Әлқожа-ата кесенесі бұзылғаннан кейін әкелінген. Кейбір деректерде Әлқожа-ата Қожа Ахмет Ясауидің күйеу баласы болғаны айтылады.
Бұл көрме кесене қабырғасында ғасырлар бойы сақталған төл жәдігерлермен танысуға мүмкіндік береді және халқымыздың тарихи-мәдени мұрасының ұлылығын сезінуге жол ашады.
Келесі экскурсиялық маршруттар бар:
1. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Күлтөбе қалашығы, ортағасырлық монша, Қылует жерасты мешіті)
2. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Хан ордасы, Этноауыл
3. Ясауи музейі, Сирек жәдігерлер залы
4. Укаш ата кесенесі, Укаш ата құдығы, Қарнақтағы 1200 жылдық тұт ағашы
Укаш ата кесенесі, Укаш ата құдығы, Қарнақтағы 1200 жылдық тұт ағашы, Шаммит-Ишан мешіт-медресесі.
Музейде болу тәртібі мен талаптары
1) Музей қызметкерлерінің нұсқауларын орындау;
2) Қол жүгін, сөмкелер, жолдорбалар, кейстерді ұяшықта сақтау;
3) Музей аумағында көлемді қол жүктерімен жүрмеу;
4) Билетті экспозицияны қарау аяқталғанша сақтап, әкімшіліктің талап етуімен көрсету;
5) Келушілердің немесе музей қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін қауіпті жағдайларды музей қызметкерлеріне хабарлау;
6) Қараусыз қалған заттар табылған жағдайда музей қызметкерлеріне хабарлау;
7) Музейге етек-жеңі қысқа емес киім үлгісімен кіру;
8) Балалар мен мектеп оқушылары үшін балаларға жауапты жетекшінің болуы талап етіледі.
1-2 топ мүгедектігі бар адамдар мен 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға және оларды
Билетті сатып алған күннен бастап музейге кіру уақытына 15 сағат қалғанға дейінгі мерзімде қайтаруға болады.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің шетелдік азаматтарына – 1500 теңге
Өзге мемлекеттердің шетел азаматтарына – 2000 теңге
Экскурсия Ясауи музейі - Қазақ және орыс тілдерінде – 3000 теңге
Экскурсия Ясауи музейі - Ағылшын тілінде – 5000 теңге
Экскурсия Ясауи музейі - Мектеп жасындағы балаларға қазақ, орыс және ағылшын тілінде – 1000 теңге
Экскурсия Сирек жәдігерлер залы - Қазақ және орыс тілдерінде – 3000 теңге
Экскурсия Сирек жәдігерлер залы - Ағылшын тілінде – 5000 теңге
Экскурсия Сирек жәдігерлер залы - Мектеп жасындағы балаларға қазақ, орыс және ағылшын тілінде – 1000 теңге
Рассказать друзьям
Рекомендуем также:
Зверополис 2
Музей истории города Кокшетау
