Помощь без выходных:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07
97 человек за последний час интересовались этим событием.

«Мағжан. Жүз жылдық махаббат» Пьеса оқылымы

Купить билеты

Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған бұл пьеса автордың Алаш арысын терең зерттеген еңбегінің нәтижесі. Спектакль атауы бірнеше рет өзгеріске ұшыраған: алғашқыда «Әлдиле, өлім, әлдиле» деп аталған пьеса кейін «Әлдиле, өмір, әлдиле» болып өзгертілген. Ақырында, «Жүз жылдық махаббат» деген атаумен сахнаға шығып отыр. Оқылым жетекшісі – Жәнібек Мұсаев. Бұл шығарма көрермендерге Мағжан Жұмабаевтың рухани әлеміне терең бойлауға мүмкіндік береді.

Актерлік құрам: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Ыбыраев, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Жұмагүл Мейрамова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Түймехан Атымтаева, Бақыт Исабекова, Бақыт Жұмағұлова, «Мәдениет саласының үздігі» Жәнібек Мұсаев