АБАЙ ӘЛЕМІ
Қазақконцерт сүйікті көрермендерін ұлы қазақ ақыны, данышпан ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «АБАЙ ӘЛЕМІ» атты музыкалық кешке шақырады.
Кеш барысында бұрын-соңды орындалмаған Абайдың тың шығармалары алғаш рет көпшілік назарына ұсынылады. Жаңаша музыкалық өңдеулер мен заманауи аранжировкалар арқылы Абай мұрасы жаңғырып, көрерменге өзгеше әсер сыйлайды.
Концерттік бағдарламада «Ұлы Абай», «Ғұлама-Абай», «Есіңде бар ма жас күнің», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім...», «Абайдың Ақтолқыны», «Абай толғау» және т.б. шығармалар орындалады.
Іс-шараға «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығының солистері қатысады: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Жанғали Жүзбай, Құмарбек Қалқатай, Айзат Қарабек, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Толғанбай Сембаев, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегерлері Қайрат Айтбаев, Бауыржан Бекмұханбет, Перизат Тұрар, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Күнсұлу Түрікпен, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары Біржан Айтахмет, Әлихан Дүйсенбай, Ақерке Тәжібаева, Венера Табыс және Жанту Дадабаев.
Қапы қалмаңыз! Абай мұрасы арқылы Ұлы даланың мәңгілік үнін жүрекпен түйсініңіз.
Достармен бөліс
Келесі оқиғалар сізге қызық болуы мүмкін:
Бэтмен 2 (2026)
Джон Уик 5
