Помощь без выходных:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07
97 человек за последний час интересовались этим событием.

Әгугәй мен Игигай. Алатау театрының гастролі Тараз қаласында

Купить билеты

«Әгугәй мен Игигәй» атты  жасөспірімдер мен балаларға арналған музыкалық ертегі премьерасы. Халық ертегілері желісі бойынша  құрастырылған  музыкалық қойылымда ұлттық құндылықтарымыз - домбыра, халық әні, ұлттық киім, би, халық ертегілері дәріптеледі.

Мақсат: тәрбие тал бесіктен дегендей, тектілігі тереңге тамырланған қазағымыздың  ғасырлар бойғы озық тәжірибесін, дүниетанымын, өмірге көзқарасын өскелең ұрпақтың бойына сіңіріп, соған сай мінез - құлық қалыптастыруға ат салысу.

Аталмыш қойылымда Әгугәй мен Игигәй атты (ойдан шығарылған) кейіпкерлердің көңілді – музыкалық баяндауы мен театрландырылған көріністер арқылы үш ертегінің тәрбиелік мән-мағынасы балаларға жеңіл де ойнақы түрде жеткізіледі.  Келіңіздер, көріңіздер!