Помощь без выходных:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07
97 человек за последний час интересовались этим событием.

«Әлия» мюзиклі

Купить билеты

«Әлия» – Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағулованың өмірі мен ерлігін баяндайтын тарихи-биографиялық музыкалық пьеса. Шығармада оның қиын балалық шағы, әскери өмірі және майдандағы ерлігі көрініс табады. Әлияның қайсарлығы мен Отанға деген сүйіспеншілігі драмалық тартыстар мен әсерлі диалогтар арқылы ашылады. Қойылымдағы ерекше образ – «Ажал» кейіпкері, ол Әлияның тағдырымен бетпе-бет келіп, оның рухын сынайды.  Әлия кез келген  бойжеткен секілді өмірге ғашық, өз сүйіктісін армандаған, өз қалауы бар қыз. Қылықты да сұлу Әлияның мінезге бай болмысы арқылы қазақ қызының табиғи болмысы көрінеді. Музыкалық сүйемелдеумен өрнектелген қойылым  батыр қыз бейнесіне өзгеше қасиет дарытқан. Жаңаша серпіліс тұғызар мюзиклдің театрсүйер көрерменге берері мол.

Композитор - Ақжол Өмірзақов
Автор - Әлия Дәулетбаева
Скрипт-доктор - Ефрат Шарипов
Қоюшы режиссер - Есләм Нұртазин
Қоюшы суретші - Александра Рычкова
Хореограф - Омар Мухамметалиев
Дыбыс режиссері - Мақсат Есқали
Бейнесуретші - Дмитрий Соболев
Жарық беру суретшісі - Ерболат Уалиев

Рөлдерді сомдаушы: 
Әлия - Ажар Жәрденбекқызы
Кішкентай Әлия – Наргиз Күнғали
Бағдат - Ерсін Сәрсенбеков
Нина - Нұрай Нұрлан
Людмила – Айгүл Оразалина ҚР «Мәдениет саласының үздігі»
Комбат - Толағай Қарасаев,
Комиссар - Аслан Төлентай
Әбубәкір - Кеңес Кемалбаев ҚР «Мәдениет саласының үздігі» «Дара» төсбелгісінің иегері,
Ажал - Бағдат Тілеуғалиев
Анасы - Айнагүл Өлмесекова ҚР «Мәдениет саласының үздігі», «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері
Әкесі - Шынтас Омаров

Сахнада: Жарқынай Жалғасова, Аида Қабылбекова, Нұрай Нұрлан, Нұрсұлтан Есет, Арман Ахметов, Айбол Қозбақ, Рахат Төрежанов, Нұрпейіс Қазымбетов, Шыңғыс Тельманов, Абзал Құдайберген, Әділет Мұхтар, Рамазан Отарбаев, Дамир Сейсенбек