Помощь без выходных:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07
97 человек за последний час интересовались этим событием.

Әпке

Купить билеты

«ӘПКЕ» драмасы – қоғамның, адам санасының өзгерісін, оның ұлттық құндылықтарға тигізіп жатқан ықпалын ашып көрсетеді. 

Бұл – әке-шешеден жастай жетім қалған балалардың тұрмысы, танымы, түсінік-білігі және бір-біріне қарым-қатынасы, олардың арасындағы шиеленісті жағдай арқылы жалпы қоғам болмысын, адами парыз бен борышты ұғындырып қана қоймай, көрерменнің, әсіресе, жастардың сана-сезімін сілкіп, терең ой қорытуға итермелейтін сахналық туынды.

Ардақты көрермен!  

Шығарма өткен ғасырда жазылса да, бір отбасындағы ағалы-қарындастың ара-қатынасы арқылы бүгінгі қоғамның ең өзекті мәселелерін көтеретін, режиссер М.Хабибуллин сахналаған жаңа қойылымды көруге асығайық... 
Жастардың қазіргі болмысын сахнада көрсету арқылы мәні зор спектакль ұсыну – театрымыздың басты мақсаты.