«Бала батыр» ертегісі
Бұл ертегі Мадина Төленің «Төремұрат батыр» шығармасының желісі бойынша алғаш рет Т.Ахтанов театрында «Бала батыр» ертегісі ретінде сахналанады. Қойылымда қазақ халқының даңқты күйшісі Құрманғазы мен ержүрек батыры Төремұраттың өмірі суреттеледі. Онда ұлттық рух пен салт-дәстүрдің маңызы айшықталып, қазақтың ұлттық ойындары мен әдет-ғұрыптары көрініс табады. Кішкентай көрермендер театр сахнасында ұлттық мәдениеттің мол мұрасымен танысып, ата-бабадан жеткен асыл құндылықтардың мәнін тереңірек түсінуге мүмкіндік алады. Бұл қойылым жас ұрпақтың патриоттық сезімін оятып, ұлттық болмысты сезінуге ықпал етеді.
Уақыты:
14 наурыз - 11:00,14:00
15 наурыз – 11:00
16 наурыз – 11:00
17 наурыз – 11:00,14:00
18 наурыз – 11:00,14:00
19 наурыз – 11:00,14:00
20 наурыз – 11:00
Рассказать друзьям
Рекомендуем также:

