Помощь без выходных:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07
97 человек за последний час интересовались этим событием.

«Байтақ ел әуендері» мерекелік ән кеші

Купить билеты

Ән кешінің басты мақсаты- кең байтақ қазақ жерінің әсем табиғаты мен көрікті қалаларын,  көк майсалы өңірлері мен шежірелі елді мекендерді дәріптеу. Әсем әуен мен мазмұнды сөз ұштасқан бұл кеште туған елге деген перзенттік махаббат шынайы ән арқылы шарықтайды.

Кеш барысында  «Астана-арман қала», «Алматы вальсы», «Жетісу-жер жәннаты», «Сыр-Ана», «Қайырлы таң, Ақтөбе», «Семейім», «Каспий сыры», «Сарыарқа», «Таразым», «Баянауыл», «Оралым» сынды  т.б еліміздің әр өңіріне  арналған  тамаша  әндер орындалады.  Көрермен жүрегіне жол тартқан әрбір туындыдан   туған жерге деген  сағыныш  пен махаббаттың лебі сезіліп, жүректің нәзік қылын  тербетері анық.    

Кеш қонақтары:

Сұлушаш Нұрмағамбетова, Бағдат Самединова, Светлана Айтбаева, Арайлым Рақымқызы, Зарина Омарова, Үкітай Ерниязов, Асылхан Шалқаров, Фарида Жолдасова, Мұратбек Қайролда,  Арайлым Мамырбекқызы, Қайыржан Бердібаев,  Жанар Қожағазина, Данияр Сағынтаев,  , Әкімхан Маженов, Ақбота Құснадин, Парасат Отан,  Мади Сыздықов, Дихан Ильяшев, Сәкен Әлимханов, , Жұлдыз Нәкенқызы, Ардақ Маратқызы, Мадина Өтебай, Әсел Алиханова, Ұлыбек Сабыржанұлы, «Астана» тобы,  ағайындылар «Үш қыран» тобы, «Айкербез» ханымдар вокалдық ансамблі. 

Жоба авторы: Мәдениет қайраткері Алтын Махамбет