Бейбарыс сұлтан
Дешті Қыпшақ ұланы, он жасында жетім қалып, құлдыққа өзге елге сатылып кеткен Сұлтан аз-Захир Бейбарыс (1223-1277) – қатардағы құлдан Мысыр елінің ойлы да кемеңгер билеушісі дәрежесіне дейін көтерілген тағдыры өте күрделі, қарама-қайшылықты тұлға. Қаншалықты биік атақ-даңқ пен аса зор билік әлеуетке ие болса да Бейбарыс бабамыздың жүрегін мәңгілік бір сағыныш сыздатып өткен. Туған ел-жеріне, сайын даласына, жусанның ашқылтым иісіне деген сол сағыныш – спектакльдің де негізгі лейтмотиві. «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» дегенді халық бекер айтпаса керек.
- Киім үлгісі суретшісі: Л. Возженикова
- Музыкамен көркемдеуші: Е. Есенбаев
- Балетмейстер: Г. Мұхамеджанова
- Сахна сайысын қойған: Ә. Байлин
- Режиссердің көмекшісі: А. Қабдешова
Актерлік құрамда:
Бейбарыс Сұлтан - А. Сатыбалды
Пұлжетпес - С. Реал-Бланко
Ана - Ш. Асқарова
Бас уәзір хан - А. Мәжит
Иса Тұран Шах - Б. Қаптағай
Людовик ІХ - Ж. Тыныбаев
Фатима - Ш. Жанысбекова
Қалауын - Қ. Нәбиолла
Құтыз - А. Шаяхметов
Тәжі-Бақыт - Г. Шыңғысова
Саудагер - Н. Әбілов
Айбек - Ш. Пірназаров
Қыздар:
Ұ. Райханова
З. Рахымжан
Г. Досанова
И. Құлмағамбетова
З. Каташева
А. Ағымбай
М. Қасенова
Көпшілік сахнасы:
Мәмлүктер: Ж. Байсалбеков, Е.Бектасов, М. Мұхтарұлы, М. Асаубай, А. Лепесбаев, Қ. Бейсағалиев, Ж.Қонысбай, Р. Бекет, Н. Қуанышбай, Қ. Демеу, Ғ. Амангелдіұлы, Е. Тілеухан, Д. Шыныбек, Ғ. Оспанов, Ш. Пірназаров








