Помощь без выходных:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07
97 человек за последний час интересовались этим событием.

«Бес бойдаққа бір той» М. Әуезов театры гастрольдік сапармен Түркістан қаласында

Купить билеты

Көрнекті жазушы-драматург Тынымбай Нұрмағамбетовтың екі бөлімді музыкалық комедиясы араға бес жыл салып сахнаға қайта оралды.

Бес бойдақ – Қырманбай шал және оның ұл - қыздары. Жер ортасынан ауғанда кемпірі дүние салған Қырманбайдың көңілі ұлдарының тұрмыс-тіршілігіне толмайды, сондықтан өз әулетінің ертеңіне алаңдаулы; ал ұлдары болса әкесін үйлендірмек болып әлек…

Бүгінгі күн мәселесін ұлттық дүниетаным тұрғысынан қарастыратын әзілге толы қойылымда әсем ән мен қазақы қалжыңдар жалпы атмосфераны жандандыра түседі.

Актерлік құрамда:

ҚЫРМАНБАЙ – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты Бекжан Тұрыс @bekzhan_turys

БАРБОЛ – «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Бауыржан Манжігітов @baur_akter

НАРБОЛ – Нұрғиса Қуанышбайұлы @nuri_quanysh

КҮЙКЕТАЙ – Мадина Келгенбай @madina_kelgenbai

ШҮЙКЕТАЙ – «Үміт» номинациясы бойынша Қазақстан Театрлар Ассоциациясының «Сахнагер» Ұлттық театр сыйлығының иегері Ажарлым Бақытжанова @azharlym_magzum_official

ЖАРБОЛ – Елжан Тұрыс @elzhan_turys

ГҮЛБАРАМ – «Құрмет» орденінің иегері Гүлшат Тұтова @gulshattutova

МАРАТ – Азат Тұрарбеков @azat_turarbekov

КИКО – Ермек Бектасов @ermek.bektasov.7 МАРА – Индира Құлмағанбетова @indilek_k

ҚАЛДЫГҮЛ – Зарина Каташева @__katasheva__