Помощь без выходных:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07
97 человек за последний час интересовались этим событием.

Биіктік

Купить билеты

19 қазан күні Атырау қаласының Махамбет атындағы қазақ драма театры сахнасында Ұлттық Ұлан оркестрінің солисті, талантты әнші әрі орындаушы Асхат Әмірғалидың «Биіктік» атты жеке концерті өтеді. Бұл жай ғана концерт емес – бұл туған жерге оралып, тағзым ету, сүйікті тыңдармандарын тамаша әндерімен таныстырып,  жаңа альбомның тұсауын кесу.

Асхат Әмірғали Атырау облысы, Индер ауданының Ынтымақ ауылында дүниеге келген. Өнерге бала кезден әуестеніп, алғаш рет гитараны 5-сыныпта қолына алған. Содан бері оның өмір жолы – музыкамен біте қайнасып кетті. Ол өзінің жерлесі, қазақтан шыққан тұңғыш бард Табылды Досымовтың шығармашылығынан шабыт алып, оның әндерін сүйіп орындады.  Асхаттың мақпалдай тұңғиық қоңыр дауысы, ешкімге ұқсамайтын ерекше орындауы ән сүйер қауымның жүрегін жаулап алды.

Концерт бағдарламасы туралы айтар болсақ,  «Биіктік» – Асхаттың көпжылдық шығармашылық жолының жиынтығы болмақ. Сахнада оның ұзақ жылдар бойы жаздырған ең үздік әндері орындалады: патриоттық гимндер, лирикалық толғаныстар, жүрек сырына толы әндер. Барлық шығармалар оркестрдің сүйемелдеуімен жанды дауыста орындалып, әрбір туындыға ерекше тереңдік пен эмоция сыйлайды.

Ән кешінде өнерпаздың жеке орындауымен қатар қонақтар да өнер көрсетеді. Олар:

– эстрада жұлдызы Дәурен Сейтжанов: 

– «Дәуір» вокалдық тобы;

            – әртіс Нұрсұлтан Қарабалиев.

 

Бұл кеш қазақ әнін, акустикалық әуезді және жанды дауыстағы орындауды қадірлейтін барша жан үшін нағыз мереке болмақ.

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖОЛЫ

Асхат Әмірғали – Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің (музыкалық білім) түлегі. Ол мектеп бітіргеннен кейін техникалық кәсіптік білім алып, Теңіз кен орнында қызметін бастады. Өзінің дарын – талантымен танылып,  бүгінгі күні  Астана қаласындағы Ұлттық Ұланның ән-би ансамблінде қызмет етіп келеді. Оның өмірі – табандылықтың, еңбектің және өнерге деген  адалдықтың үлгісі деуге болады.

Ол белгілі әнші-композитор Арман Дүйсеновпен бірлесе әндер жазып, бейнебаян түсірді. Атырау, Алматы және Астана сахналарында өнер көрсетіп келеді. Бірақ оның туған жеріндегі алғашқы жеке  концерті - көп жылдан бергі арманының орындалуы.