Помощь без выходных:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07
97 человек за последний час интересовались этим событием.

Бір түп алма ағаш... Премьера!

Купить билеты
Купить билеты

«Бір түп алма ағаш» - әр қазақ отбасының ішіндегі қансыраған жараны қозғайтын драма.

Жылдар бойы бас қоспаған бауырлар шаңырақтың кенжесі Мақсаттың шақыруымен аналарының 60-жылдығында бас қосады... Алайда ойланбай айтылған бір ауыз сөз, ағайындар арасындағы ескі жараны қозғап, аяғы өліммен аяқталады...Тозып бара жатқан үй, өкпе-назға толы әңгімелер… Ал ортасында - аналары Дәметкен және мүгедек болып қалған кенже ұл Мақсат.

Оқиғаның символы - тамырынан айырылса сола бастайтын бір түп алма ағашы. Бозторғайдай шырыл қаққан Мақсаттың үні неліктен аға-әпкелерінің жүректеріне жетпеді, неліктен тоң боп қатқан бауырлардың көңілдеріндегі мұзды ерітпеді?
Біз қай уақытта түп қазығымыз- салт-дәстүрімізден қол үзіп қалдық?
Қарға тамырлы қазақ неге бір-біріне бөтен-бөтен емес-ау жауға айналып бара жатыр?

Бұл спектакль сіздің жан дүниеңізді сілкілеп, көңіл тұңғиығыңызды тазартып, жақындарыңызға жаңаша бір жылулықпен қарауға итермелейтін қойылым!