Помощь без выходных:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07
97 человек за последний час интересовались этим событием.

Біз де ғашық болғанбыз

Купить билеты

Драматург Сұлтанәлі Балғабаевтың 2 актілі, 4 суретті «Біз де ғашық болғанбыз» драмасы қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің жауабы боларлықтай. Пьесасының сюжеттік-композициялық желісінде заманымыздың ең өзекті мәселесі – отбасы бірлігінің сақталуы нысанға алынған. Ер мен әйел арасындағы қайшылықтар, тұрмыстық-әлеуметтік жағдай сөз болады.  Драманың негізгі идеясы – адамның шынайы махаббаты. Тек бір-бірінің адамшылық қасиеттерін қастерлеуге негізделуі тиіс екенін дәріптейді. Оқиға күтпеген кездесу не тағдырдың тосын сыйынан басталып, Дәукен, Сарман, Айжан арасында өрбиді