Помощь без выходных:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07
97 человек за последний час интересовались этим событием.

«Dala sound» квартетінің концерті

Купить билеты

2026 жылдың 15 ақпан күні, сағат 17:00-де Астана қаласы әкімдігінің Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясы «Dala sound» квартетінің концертін ұсынады. Шара ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығында өтеді. 

Кеш барысында қазақстандық композиторлардың таңдаулы туындылары мен халық әндерінің жаңаша өңделген нұсқалары орындалып, тыңдарманға лирикалық, патриоттық және дәстүрлі бағыттағы әр алуан музыкалық палитраны жеткізеді.  

Квартет құрамында:  «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері - Берік Омаров, «Мәдениет саласының үздіктері» - Данияр Мұқан мен Ершат Қайырхан, Халықаралық байқаулардың иегері - Рахат Бегасилов бар. Сонымен қатар республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары Зинат Қасымова, Айдос Оңғарбай, Сәулежан Тақзия, мәдениет саласының үздіктері Жақсыкелді Маясаров, Тельман Нүркен, Әйгерім Нартүйе, «Құрмет» орденінің иегері Нұрай Танабаев өнер көрсетеді. 

Бағдарламада Шәмші Қалдаяқов, Жанай Әбдірахман, Темірхан Базарбаев, Мұрат Құсайынов, Ақан сері және халық композиторларының шығармалары қамтылған. «Сыйластыққа не жетсін», «Туған жер», «Сағым жылдар», «Шекер ай», «Маржан қыз», «Шырмауық», «Бүлдірген» сынды танымал әндер тыңдарманға жаңаша тембрлік бояумен ұсынылмақ. 

Кештің көркемдік жетекшісі - С. Сыздық.