Помощь без выходных:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07

Достық мектебі

Қылышын сүйреткен қаһарлы қыс кетіп, Жер-Ана босаңсып, Күн жылынып жайма шуақ көктем айы басталғанда, құстар да лег-легімен ұшып келе бастайды. Ал күз айы келіп күн суытқанда құстар қайтадан жылы жаққа қоныс аударады емес пе?! Міне, сондай күндердің бірінде балапанын кеш ашқан Тырна бүкіл Тырналар көшінен қалып қояды. Мұны байқаған қу Түлкі, Тырнаның шарасыздығын пайдаланып, жаны ашыған іспеттес кейіп танытады. Ол алдымен Тырнаның балапанын, сосын өзін қылғытпақ оймен, оған дос болып бірге тұруға ниет білдіреді. Адал Тырна: «Кішкентай балам болмағанда, Тырналар тізбегіне ілесіп кететін едім» - деп амалсыз келіседі де, екеуі; «Менің балам сенікі, Сенің балаң менікі» - деген ант қабылдасады. 

Қулығымен оқиға желісін өрбіткен Түлкі қанша қу болғанымен Тырна мен оның баласына деген арам пиғылын іске асыры алмай, өз қулығы өзіне кесірін тигізіп жарға құлап кетеді. Оны досқа адал Тырна құтқарады. Достық  атты мектепке баласын ерткен Қасқыр, Тырнаның баласы мен Түлкінің баласына мектепке жүріңдер, оқыңдар деген ұсыныс жасайды.

Оқиға соңында Түлкі, Тырна мен Тырнатайдан кешірім сұрап, барлығы бірігіп «Достық мектебіне» аттанады.